SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2025: ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 мамыр 2025
  • 100

SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2025: ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен «Smart City Kyzylorda Hackathon 2025» IT жобалар хакатоны өтті. 
Байқаудың басты мақсаты – стартап жобаларды, цифрлы шешімдер мен талантты мамандарды іздеу. «Smart city» эталондық стандарты аясында жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, инновациялық жобалар саласына жастардың қызығушылығын арттыру және дамыту.
IT жобалар хакатонында «Әзірлеу», «Модельдеу»,  «Жасанды интеллект» бағыттары қамтылды. Алтыншы рет өткізілген байқауға 317 қатысушы, 93 жоба тіркелді. Байқауға облыс жастарымен қатар Түркістан, Тараз қалаларынан қатысушылар бақтарын сынады.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.09.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.30 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.10.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.09 (1).jpeg

Байқау қорытындысы бойынша Әлішер Романқұл «Жасанды интеллект», Нұрай Мұхтарбек «Модельдеу», Айзере Бекжан «Әзірлеу» бағытында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын Надира Атымтай, Іңкәр Бақытқызы және Айгерім Фазылкәрім иеленді.
Үздік жобаларымен топ жарған командаларды Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары Шынар Нарымбетов және Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары  Сабит Ибадулла, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Жасанды интеллект» институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев марапаттады.

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.30 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-19 at 14.53.29.jpeg

Ынталандыру мақсатында жарысқа қатысқан командаларға Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторынан арнайы сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, университеттің Кәсіпкерлік орталығы 13300 жас кәсіпкермен жұмыс істеп, 145 стартап жобаның жүзеге асуына ықпал етті. Осыған дейін әртүрлі бағыттағы жаңа жобаларға 94 000 000 теңге инвестиция тартты.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...