Құқық қорғау қызметінің өкілдері болашақ мамандармен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 мамыр 2025
  • 369

Құқық қорғау қызметінің өкілдері болашақ мамандармен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері – полиция подполковнигі Зөре Айтжанова және полиция майоры Данияр Есенов арнайы шақырылды.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.22.39.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.23.06.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.23.06 (1).jpeg

Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ мамандарға құқық қорғау органдарының қызмет ерекшеліктерін түсіндіру, кәсіби бағдар беру арқылы мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктерін таныстыру болды.
Кездесу барысында студенттерге Ішкі істер министрлігінің құрылымы, қызмет салалары, жұмысқа қабылдану талаптары мен тәртібі, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсу жолдары туралы толық ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.23.06 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.23.07.jpeg

Сонымен қатар, құқық қорғау саласындағы білім беру бағдарламалары, бастапқы кәсіби дайындық курстары мен қоғамдағы құқық қорғау қызметінің маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби бағдарын айқындап, болашақта мемлекеттік қызметке қызығушылықтарын арттыруға оң әсерін тигізеді.

 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...