Университет спортшылары дзюдодан 4 медаль жеңіп алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 20 мамыр 2025
  • 54

Университет спортшылары дзюдодан 4 медаль жеңіп алды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері XIII Жазғы Универсиадада дзюдо спорт түрінен жоғары нәтиже көрсетіп, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өтіп жатқан дүбірлі додада білім алушылар университет намысын абыроймен қорғап, жеңіске деген жігері мен қайсарлығын танытты.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.24.35.jpeg     WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.24.35 (2).jpeg

Жекелей сында Рустам Толысбеков пен Олжас Оразалыұлы күміс жүлдегер атанса, Зарина Мұрадасыл мен Талшын Қыдырбаева қола медальға қол жеткізді. Спортшылардың жаттықтырушысы – «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Серік Ержанов.
Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынауда.

WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.24.35 (1).jpeg     WhatsApp Image 2025-05-20 at 09.24.34.jpeg    

Жазғы Универсиаданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Айта кетейік, XIII Жазғы Универсиада 14 маусымға дейін жалғасады. Алда әлі тартысты жарыстар күтіп тұр. Жас спортшыларымызға сәттілік тілейміз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...