Университет студенттері Антальяда Бас консулмен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 мамыр 2025
  • 487

Университет студенттері Антальяда Бас консулмен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Сельчук университетінде білім алып, оқуларын сәтті аяқтады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің шетелдік тәжірибе жинақтауына, білім көкжиегін кеңейтіп, өз саласындағы кәсіби деңгейін арттыруға зор мүмкіндік берді. Түрік еліне барған білім алушылар тек оқу процесіне ғана емес, мәдени алмасу мен достық қарым-қатынас орнатуға да белсене атсалысты.

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.17.08.jpeg

Бағдарламаны сәтті аяқтаған студенттер оқу сапарының соңында Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулы Қуат Канафеевпен кездесті. Жылы жүздесу барысында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты арттыру жайлы ойлар айтылды. Консул мырза жастардың белсенділігіне оң бағасын беріп, болашақта ел игілігіне еңбек ететін білімді ұрпақ қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Қорқыт ата университеті халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Бұл – студенттерге әлемдік тәжірибені меңгеріп, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға үлкен мүмкіндік.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...