Нұрай Қазнабек – Қазақстан кубогының қола жүлдегері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 мамыр 2025
  • 263

Нұрай Қазнабек – Қазақстан кубогының қола жүлдегері

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Нұрай Қазнабек республикалық деңгейдегі ірі спорттық додада жүлдегер атанды.
Ақтөбе қаласында өткен таеквандодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогінің І кезеңінде 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрай жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдені иеленді.
Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар қатысып, бәсеке деңгейі жоғары болды. Нұрай өз шеберлігі мен дайындығын дәлелдеп, үздік үштіктен көрінді. Бұл – жас спортшының еңбекқорлығы мен алға қойған мақсатына деген нық сенімінің жемісі.

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.49.40.jpeg

WhatsApp Image 2025-05-22 at 12.49.39.jpeg

Айта кету керек, Нұрай Қазнабек – университетіміздің атын республика көлемінде танытып жүрген дарынды студенттердің бірі. 
Университет ұжымы Нұрайға болашақтағы спорттық жолында жаңа жеңістер мен табыстар тілейді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...