Университет студенттері каратэ-дò спорт түрінен 4 қола жүлде иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 мамыр 2025
  • 169

Университет студенттері каратэ-дò спорт түрінен 4 қола жүлде иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII Жазғы Универсиадада карате-до спорт түрінен 4 қола медаль жеңіп алды.

«Түркістан Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған дүбірлі додада білім алушылар университет намысын абыроймен қорғап, жеңіске деген жігері мен қайсарлығын көрсетті.

 Жекелей сында Габиден Урынбаев, Бақдәулет Кубаш, Данияр Жарылқасын және Мұхаммедамин Әбзели қола жүлдені иеленді.

63e2f42d-b260-4d91-ba4b-3a9dbfecf4d5.jfif

2679eb4b-a643-4510-ad9e-16a07fa151fe.jfif 3b5a9b75-733e-4c26-b30b-8813a753edf2.jfif

Айта кетейік, аталған Универсиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысуда. Олар спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасып жатыр.

Жазғы Универсиаданың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.

Жарыс 14 маусымға дейін жалғасады. Университетіміздің спортшыларына алдағы сында сәттілік тілейміз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...