Абайдың 180 жылдығына арналған жастар форумына университет өкілдері қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 мамыр 2025
  • 160

Абайдың 180 жылдығына арналған жастар форумына университет өкілдері қатысты

Семей қаласындағы Shakarim University-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Абайдың “Толық адам” ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты Республикалық жастар форумы өтті.

Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар мен білім саласының өкілдері қатысып, рухани даму мен ұлттық тәрбие төңірегінде мазмұнды пікір алмасты. Форум аясында белсенділігімен ерекше көзге түскен қатысушылар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай мен университетіміздің белсенді студенттері Ғани Қуанышбеков пен Аяулым Ермекбаева бар.

7c3e3789-55d0-478d-8f86-9749f511e7d4.jfif

b8a1e883-7d9d-44b4-8f7a-b0de4af44ad7.jfif

Бұл жетістік – Қорқыт ата университетінің жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу жолындағы табанды еңбегінің көрінісі. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісінде көш бастап келе жатқан оқу ордасы форум арқылы тағы бір мәрте өз беделін айқындай түсті.

Форум аясында қатысушыларға арнайы тарихи-танымдық бағыттағы экскурсия ұйымдастырылды. Делегация ең алдымен Күшікбай батырдың мемориалдық кешеніне барып, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезовтің ізі қалған Күшікбай бұлағынан дәм татты.

Сапар барысында жастар ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туған жері – Бөрілі ауылына барып, әдебиет майталманының музей-үйінен мол рухани әсер алды.

Экскурсияның келесі бағыты – қазақ әдебиетіндегі мәңгілік махаббатты бейнелейтін «Еңлік-Кебек» ескерткіші болды. Сонымен қатар қатысушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының дүниеге келген жері – Сырт Қасқабұлаққа барып, домбыра бейнесінде бой көтерген ескерткіш жанында естелік суретке түсіп, ұлттық мұра мен тарихи тағылымның мәнін терең сезінді.

Айта кетейік, форум Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын заманауи көзқараспен зерделеуге және жастар арасында ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...