Ұлағатты ұстаз Меруерт Аңсатованы еске алуға арналған республикалық конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 мамыр 2025
  • 173

Ұлағатты ұстаз Меруерт Аңсатованы еске алуға арналған республикалық конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұлағатты ұстаз, тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Меруерт Нағыметқызы Аңсатованы еске алуға «Отан тарихының іргелі мәселелері: алаштану, тұлғатану және тарихнамалық зерттеулер» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ұстаздың шәкірттері, әріптестері мен туған-туыстары қатысты.

Конференцияда Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева Меруерт Нағыметқызының ғылымдағы жолы мен қоғамға сіңірген еңбектеріне тоқталды.
Меруерт Аңсатова – саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнап, бірнеше буын тарихшы мамандарын даярлаған ұлағатты ұстаз. Ұстаздық қызметімен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын да қатар алып жүрген ол отандық тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Ғалымның халықаралық және республикалық басылымдарда 120-дан астам ғылыми мақаласы, 20-ға жуық ғылыми-әдістемелік құралы жарық көрген. Облыс тарихшыларымен бірлесіп «Сыр өңірі тарихы» ұжымдық еңбегін дайындауға атсалысқан.

IMGL7895.jpg

IMGL8040.jpg

IMGL8019.jpg

Ұстаздың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің және министрлік деңгейіндегі бірнеше Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. 2019 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының шешімімен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының үздік педагогы» атағын иеленді. Сонымен қатар, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі және облыс әкімінің 2012 жылғы стипендианты, «Қорқыт ата атындағы Алтын медаль» иегері.

Семинарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттің «Тарих және археология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Оразбақов, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ляззат Джумалиева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлжан Мейрманова, педагогика ғылымдарының магистрі, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Айгерім Беккулиева, Анкара Хажы Байрам Вели университетінің профессоры, тарих ғылымдарынын докторы Гүлжанат Құрманғалиева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің су шаруашылығы және жерге орналастыру білім беру бағдарламасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров, университет ардагері тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Минсара Караманова, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының оқытушысы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов және профессордың сіңілісі Фарида Ансатова, Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сағат Тайман ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасы жайлы кеңінен баяндады.

Конференция – ұлағатты ұстаздың жарқын бейнесін ұлықтап, оның ғылым мен қоғамдағы ізі мен өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етуге арналған тағылымды басқосу болды.

IMGL7947.jpg

IMGL8118.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...