Академик Асқар Жұмаділдаев университет ғалымдарымен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 маусым 2025
  • 161

Академик Асқар Жұмаділдаев университет ғалымдарымен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның көрнекті ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесуге университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова бастаған профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты.

c04c94fd-e12c-4ecf-9c48-426864b5b3ab.jfif

00000.jpg

3895886a-b823-4d20-ba23-04a7566104ba.jfif

Жиын барысында ғылымдағы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ғылыми терминологияны дамыту, жастарды ғылымға баулу, сондай-ақ еліміздегі ғылым саласын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ Асқар Серқұлұлы Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.

06a6406c-9a0a-43b5-82fd-403aa9c37a21.jfif

Академикпен болашақта бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, математика, тіл білімі, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар салаларында ынтымақтастықты арттыру туралы келісімдер жүргізілді.

Кездесу университет ғалымдарына тың серпін беріп, ғылымдағы өзекті мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік берді.

d2c603be-9dac-4a82-b474-689a79299101.jfif

ceb7efd3-6036-4e0b-8cd3-74003e61f702.jfif

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...