Студенттерге арналған «Тепе-теңдікті табу» атты семинар өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 маусым 2025
  • 170

Студенттерге арналған «Тепе-теңдікті табу» атты семинар өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Тепе-теңдікті табу» атты семинар өтті.

Кездесудің мақсаты - бірінші курс студенттерінің академиялық деңгейі, оқу мотивациясы, коммуникативтік және цифрлық дағдыларын диагностикалау және дамыту арқылы оларды 2 курсқа бейімдеу.

Жиында Психологиялық қолдау орталығының жетекшісі, психолог Құралай Иманалиева студенттерге ішкі мотивацияны тануға, мақсат қоюға және табанды болуға бағытталған  тренинг өткізді.

Іс-шара Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор гранты аясында жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау мақсатында өткізілген конкурстың негізінде жүзеге асырылды.

bd9d2fe1-7691-4704-80a7-7e2b6e61c023.jfif

db2ce0d7-5bd3-48d1-a3d0-68d582a75d4c.jfif

d28bec60-9e2c-433e-88ee-59941127ccbf.jfif

Айта кетсек, жобаны орындаушы «Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Қызжібек Жақсыбаева. Жоба жетекшісі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Гүлмира Абызбекова.

Сонымен қатар, «Химия» білім беру бағдарламасының магистранты Нұрсұлтан Садықбек студенттерге уақытты тиімді басқару, оқу мен демалысты үйлестіру, жоспарлау құралдарын қолдану жолдарын түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар оқу процесінің сапасын арттырумен қатар, жас буынды тұлғалық және кәсіби тұрғыдан қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Семинар студенттердің оқу мотивациясын арттыруға және коммуникативтік бейімделу дағдыларын нығайтуға үлкен серпін берді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...