Атаулы стипендия иегерлерін құттықтаймыз!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 маусым 2025
  • 68

Атаулы стипендия иегерлерін құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Korkyt ata Endowment» корпоративтік қоры мен Жаратылыстану институтының «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының бірлесуімен техника ғылымдарының кандидаты, профессор Анипа Тапалованың атаулы стипендиясын тағайындау бойынша алғашқы конкурс өткізілді.

Конкурстың мақсаты — университетіміздің білім мен ғылымға ынталы, жоғары академиялық көрсеткіштерге ие, белсенді және жауапкершілігі жоғары студенттерін қолдау және ынталандыру. Бұл мүмкіндік «Химия» және «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналды.

08.JPG

09.JPG

Комиссия құрамына «Korkyt ata Endowment» қорының қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен профессор-оқытушылар кірді.

Жиынды Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай және Жаратылыстану институтының директоры Нұрлыбек Ахатаев ашты.

06.JPG

05-1.JPG

Комиссия мүшелерінің шешімімен Ұлбала Әріпжанова, Шахназ Уалиханова, Жандос Әбдіхамит атаулы стипендияның иегерлері атанды.

Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Оқу мен ғылым жолындағы жетістіктеріңіз мол болсын!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...