«Жасанды Интеллект негіздері» курсы сәтті аяқталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 маусым 2025
  • 550

«Жасанды Интеллект негіздері» курсы сәтті аяқталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған 72 сағаттық «Жасанды интеллект негіздері» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курстың мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары, заманауи технологиялары және оларды білім беру процесінде қолдану дағдылары бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру. 

biliktilik04.JPG

biliktilik.JPG

biliktilik01.JPG

Кездесу университеттің бес институтының базасында өткізіліп, қатысушылар жасанды интеллект саласындағы өзекті теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерді.
Дәрісті «Информатика және ақпараттық коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD Мұрат Айтимов, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Гүлнұр Мусагулова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Айымхан Остаева, техника ғылымдарының магистрі, «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының оқытушысы Әсем Ғалымжанқызы және “Kyzylorda Hub” бизнес-инкубатор орталығының маманы Жанарыс Түбекбаев өткізді.

biliktilik06.JPG

biliktilik05.JPG

biliktilik07.JPG

Сонымен қатар, тыңдаушылар цифрлық және технологиялық сауаттылықты дамыту, жасанды интеллект құралдары, no-code платформалар, графикалық және бұлтты сервистерді қолдану, жеке цифрлық жобалар әзірлеу және таныстыру дағдыларын меңгерді.
Айта кетсек, 72 сағатқа созылған курс қорытындысында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Әбтікалыков тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табыстады.
Біліктілікті арттыру курсы университет оқытушыларының цифрлық трансформацияға бейімделуіне және заманауи білім беру үрдістерін жетілдіруіне серпін берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...