Жұлдызай Такисбай Универсиадада алтын жүлде иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 маусым 2025
  • 241

Жұлдызай Такисбай Универсиадада алтын жүлде иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жұлдызай Такисбай XIII Жазғы Универсиада ойындарында әйелдер күресінен алтын медаль жеңіп алды.
Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өтіп жатқан дүбірлі доданың алғашқы күндерінен-ақ Жұлдызай жоғары шеберлігі мен мықты дайындығын көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғады. Бұл жетістік – студентіміздің тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі.Ауқымды жарысқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынауда. Жазғы Универсиаданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.

WhatsApp Image 2025-06-10 at 10.51.55.jpeg

Айта кетейік, XIII Жазғы Универсиада 14 маусымға дейін жалғасады. Университетіміздің намысын қорғап жатқан барлық студенттерге сәттілік тілейміз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...