Ұлттық күйдің майталманы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 маусым 2025
  • 142

Ұлттық күйдің майталманы

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық-драма театрында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан композиторлар және журналистер одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, доцент, күйші-композитор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ардагері Балтабай Нұржановтың 80 жасқа толуына арналған «Елге арнау» атты шығармашылық кеші өтті.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 14.44.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-11 at 14.43.37.jpeg


Салтанатты кешке зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жұртшылық, жас өнерпаздар мен шәкірттері қатысты. 
Шара аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай сөз алып, университет ректорының атынан Балтабай Сәрсенбайұлын құттықтау адресатпен және «Үздік оқытушы» төсбелгісімен марапаттады.
Композитор 1990-2008 жылдар аралығында университеттің «Музыкалық аспаптар» кафедрасының доценті қызметін атқарған.

WhatsApp Image 2025-06-11 at 14.43.38.jpeg

Балтабай Нұржанов 60-қа жуық күйдің, бірнеше тақырыптағы күйпоэмалардың және 40-тан астам ән¬нің авторы. Сонымен бірге 50-ден астам ән мен күйді оркестрге түсіріп, қазақ музыкасының кәсіби деңгейде дамуына зор үлес қосып келеді.
Ұрпаққа ұлағат, өнерге өзек болған осындай тұлғаларымыздың еңбегі әрдайым бағаланып, құрметке бөленуде.
Марапатыңыз құтты болсын!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...