Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кітапхана директорының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 22 тамыз 2022
  • 1919

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кітапхана директорының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Ғылыми кітапхана директоры білуі тиіс: Ақпараттық және кітапхана жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарды, қызмет бейінін, ұйымның мамандануы мен құрылымын, кітапхана қорын толықтыру, сақтау, іздеу, беру және есепке алу қағидаларын, кітапханалық қызмет көрсетуде қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық-іздестіру жүйелерін, ақпаратты жіктеудің қабылданған жүйесі және каталогтар жасау қағидаларын, кітапханааралық абонементтің жалпы мемлекеттік бірыңғай жүйесін, ұйымның қызмет саласына жататын өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру технологиясы, конструкциялау, экономикасы мәселелері жөніндегі библиографиялық анықтамалықтарды, оқырмандар кітапхана қорының бірліктерін жоғалтқан кезде өтемақы төлеу тәртібін, кітапхана жұмысы туралы есеп беру тәртібін, еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ғылыми кітапхана директорының біліктілік талаптары: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандық бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық орта және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және кемінде 3 жыл кітапхана жұмысының өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.08.2022 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: HR қызметі 8(7242)27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...