Профессор Ералы Әбдіғаппарұлы – 70 жаста
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 19 маусым 2025
  • 58

Профессор Ералы Әбдіғаппарұлы – 70 жаста

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Математика және қолданбалы механика» секциясының қауымдастырылған профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Әбжан Ералы Әбдіғаппарұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған Инженерлі-технологиялық институтының Ғылыми Кеңесі өтті. 
Кездесуге университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова қатысып, профессордың білім саласына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыстап, университет ұжымы атынан мерейтой иесін шын жүректен құттықтады.

P2966651.JPG

P2966670.JPG

P2966695.JPG

P2966744.JPG

Жиынға Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов, университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты Бақыт Қалиев, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қарлығаш Ақышева, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірбек Байғабылов, №4 Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынболат Байназаров және университеттің ардагер ұстаздары, профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымның шәкірттері, жақындары қатысты. 
Ералы Әбдіғаппарұлы университетте 1977-1984 жылы «Жоғары математика және физика» кафедрасына оқытушы қызметін, 1995-1996  жылдары оқу-методикалық бөлімінің басшысы, 1999-2001 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тестілеу орталығының бас методисі болып еңбек етіп,  2001-2011 жылдары «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып, 2011 жылдан бастап «Математика және қолданбалы механика» секциясының аға оқытушысы, қауымдастырылған профессоры болып қызмет етуде.

P2966686.JPG

P2966711.JPG

P2966901.JPG

Профессор 70-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, 2 оқу құралының авторы.
Ғалымның еңбектері ескеріліп, 2005 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2015 жылы Қорқыт ата атындағы «Алтын медалімен», 2018 жылы «Қызылорда қаласының 200 жыл» мерекелік медалімен, 2023 жылы Қорқыт ата атындағы университетінің «Үздік оқытушысы» медалімен, 2025 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...