Білім беру сапасын арттыруға арналған оқыту семинары өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 маусым 2025
  • 119

Білім беру сапасын арттыруға арналған оқыту семинары өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы, Стратегия және IT департаментінің ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған әдістемелік оқыту семинары өтті. Семинар «Білім беру бағдарламаларының тізілімі және «Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингі аясында университеттің білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбын қамтыды.
Жиынның ашылуында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева университеттің білім беру сапасын арттырудағы жүйелі жұмыстарына тоқталып, білім беру бағдарламаларын ұлттық стандарттарға сай жаңарту, еңбек нарығы сұранысына бейімдеу және оқытушылардың кәсіби дамуын қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

WhatsApp Image 2025-06-23 at 11.20.06 (2).jpeg 

WhatsApp Image 2025-06-23 at 11.20.04.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-23 at 11.20.07.jpeg

Шараға білім беру саласының жетекші сарапшылары қатысты. Атап айтқанда, ҚР Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Әлібек Мәдібеков, Жоғары білім мазмұнын басқару офисінің басшысы (онлайн) Амина Мухамбетова, «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы Динара Шарипбаева, салалық біліктілік жүйесін үйлестіру департаментінің бас сарапшысы (онлайн) Елена Свердлова, Astana IT University академиялық жұмыс жөніндегі проректоры (онлайн) Гүлвира Ақыбаева және «Мамандығым – болашағым» жобасының сарапшысы (онлайн) Марина Скиба.
Семинар барысында жоғары білім үшін мемлекеттік жауапкершілік пен қоғамның тұрақты дамуы, еңбек нарығын трансформациялау жағдайында ұлттық біліктілік жүйесінің рөлі, білім беру бағдарламаларына қойылатын нормативтік талаптар мен кәсіби стандарттар, бағдарламаларды бағалау әдістемесі және тәжірибелік қолдану, құзыреттер мен оқу нәтижелерін қалыптастыру тәсілдері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП рейтингінің критерийлері мен университет бағдарламаларына талдау мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2025-06-23 at 11.20.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-23 at 11.20.08.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-23 at 11.26.55.jpeg

Семинар соңында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева мен Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Абтикалыков қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.
Аталған семинар университеттегі білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіруге, ұлттық рейтингтерге тиімді бейімделуге және оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...