Шетелдік оқытушы Эмиль Баутиста-Беккен университеттегі жұмысын аяқтады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 25 маусым 2025
  • 32

Шетелдік оқытушы Эмиль Баутиста-Беккен университеттегі жұмысын аяқтады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева шетелдік оқытушы Эмиль Баутиста-Беккенге атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, арнайы сертификат табыстады.
АҚШ-тан Фулбрайт бағдарламасы аясында келген Эмиль Баутиста-Беккен ағымдағы оқу жылында университет студенттеріне ағылшын тілі пәнінен дәріс оқыды. Сонымен қатар, тіл үйренушілердің коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында Speaking club ұйымдастырып, студенттердің еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлді.

WhatsApp Image 2025-06-25 at 17.43.51.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-25 at 17.43.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-25 at 17.43.50.jpeg

Шетелдік маман оқу жылын аяқтап, еліне қайтуды жоспарлап отыр. Эмиль Баутиста-Беккеннің белсенді оқыту әдістері мен ашық коммуникациясы студенттердің шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырып, білім беру процесіне тың серпін берді.
Университет ұжымы Эмиль мырзаның кәсіби шеберлігі мен қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...