Жанкент қалашығындағы тарихи мұраларды зерттеу қарқын алуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 маусым 2025
  • 48

Жанкент қалашығындағы тарихи мұраларды зерттеу қарқын алуда

Қазалы ауданындағы Жанкент қалашығына арнайы іссапармен ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова және университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева барды.
Сапар барысында делегация Жанкент қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысымен және жаңадан табылған тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты.

WhatsApp Image 2025-06-26 at 13.51.06 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-26 at 13.51.05 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-26 at 13.51.06.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-26 at 13.51.07.jpeg

Жанкент – республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Бұл – Қазақстанның ортағасырлық, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеуде айрықша маңызға ие нысан. VІІ–XІІ ғасырлардағы Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі болған Жанкент – Оғыз қағанатының астанасы ретінде танымал.
Қазба жұмыстары университеттің Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері отандық және шетелдік археологтардың қатысуымен жүргізіліп келеді. 

WhatsApp Image 2025-06-26 at 13.51.05.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-26 at 13.51.04.jpeg

Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, археологиялық мұраларды сақтау және оларды музейлендіру мәселелерін талқылады. Қазба барысында табылған жәдігерлер ортағасырлық кезеңдегі сауда қатынастары, мәдениет пен діни наным-сенімдер туралы тың деректер алуға мүмкіндік береді.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...