Журналистер күніне орай бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 маусым 2025
  • 42

Журналистер күніне орай бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай кездесу өтті.
Іс-шара барысында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова ақпарат саласының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөліне және университеттің дамуына қосып келе жатқан үлесіне тоқталды.

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.50.jpeg

«Ақпарат кеңістігінде шынайылық пен сенімділікті қалыптастырып жүрген абыройлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тыныс-тіршілігін, жетістіктерін кеңінен насихаттап, халыққа кең көлемде ақпарат жеткізудегі Сіздердің үлестеріңіз ерекше», – деді ректор өз сөзінде. 

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.50 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.51 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.51.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.52.jpeg

Жиын барысында жуырда университетке ресми сапармен келген Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) Президенті, профессор Дон Хван Ким мырза бастаған делегацияның сапары туралы ақпараттық қолдау көрсеткен бірқатар журналистер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтқанда, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Әділбек Жаканов, телеоператоры Нұрлыбек Нұрмаханов, «Хабар» агенттігі» АҚ Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Райхан Тажибаева, Нұрлан Жақыпбеков және телеоператоры Нұржан Музарапшин, “Qyzylorda” телеарнасының редакторы Гүлай Ашекова, «Qogam TV» телерадиокомпаниясының редакторы Аружан Бейсенбаева мен видеооператоры Руслан Жүсіпбеков. 

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.52 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 17.21.48.jpeg

Бұл - университет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара сенімге негізделген әріптестіктің айқын көрінісі.
Марапаттарыңыз құтты болсын!


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...