Қорқыт ата университетінің жастары еңбек маусымында белсенді!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 27 маусым 2025
  • 53

Қорқыт ата университетінің жастары еңбек маусымында белсенді!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жастары 2025 жылғы жазғы маусымда бірнеше бағыт бойынша түрлі еңбек жобаларына белсене қатысып, туған өлкенің дамуына өз үлестерін қосуда.

“Құрылыс студенттер жасағының” құрамында құрылыс мамандығының білім алушылары “Жайлы мектеп” құрылыс алаңында еңбек етіп, тәжірибе жинақтап жатыр. Бүгін арнайы еңбек маусымының ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі  Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда универсиетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Базартай Жандос Нұртайұлы, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ысқақ Жангелді Ойшыұлы, «Асар» құрылыс компаниясының участке басшысы Байтөреев Нартай Рүстемұлы, құрылыс саласының ардагерлері және БАҚ өңілдері қатысты.

WhatsApp Image 2025-06-27 at 19.14.36.jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 19.14.35 (1).jpeg

Сондай-ақ “Жасыл ел” еңбек жасағының жастары экологиялық бағытта, көгалдандыру, абаттандыру және табиғатты қорғау іс-шараларына белсенді атсалысуда. Қазіргі таңда «Жасыл ел» еңбек жасағында университеттің әртүрлі мамандығында оқитын білім алушылар жұмыс жасауда.

Сырдария ауданына қарасты Таң және Н.Ілиясов ауылдарында, механизатор және аграрлық техника және технология мамандығының білім алушыларына құралған арнайы жасақ ауыл шаруашылығы саласында маусымдық жұмыстарды нәтижелі атқаруда.

WhatsApp Image 2025-06-27 at 19.14.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-06-27 at 19.14.34.jpeg

Сонымен қатар, “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында университет жастары “Эко клуб” құрамында қаланы тазарту, экологиялық мәдениетті насихаттау бағытында игі бастамалар көтеріп, нақты істермен айналысып келеді.

Мұндай еңбек жобалары – студенттердің тұлғалық дамуына, әлеуметтік жауапкершілік пен отансүйгіштіктің қалыптасуына зор үлес қосады. Жастардың еңбек маусымындағы белсенді сәттерімен алдағы уақытта бөлісетін боламыз.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...