Университет пен «Turanium» ЖШС: ғылым мен өндіріс ынтымақтастығы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 маусым 2025
  • 39

Университет пен «Turanium» ЖШС: ғылым мен өндіріс ынтымақтастығы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Turanium» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Жиынға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева қатысып, «Turanium» ЖШС-нің ұжымына алғысын білдірді. 
Кездесудің мақсаты – университет пен өндірістік кәсіпорын арасындағы байланысты арттыру, білім алушылардың тәжірибеден өту, жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту және ғылым мен өндірісті интеграциялау бағытында өзара тиімді әріптестікті дамыту.

IMGL1180.jpg

IMGL1193.jpg

Шарада «Turanium» ЖШС-нің бас директоры Бағдат Айдүйсеновке «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль», Өндірістік қауіпсіздік басқармасының басшысы Мырзабек Шоқұтбаев пен менеджер Шолпан Кәрібаеваға университеттің Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, бас менеджерлер Динара Шатаева мен Назгум Суфьянова университеттің Алғыс хатымен марапатталды. 

IMGL1217.jpg

IMGL1226.jpg

IMGL1229.jpg

Айта кетсек, екіжақты «Turanium»  ЖШС тапсырысы негізінде «Уран кен орындарында өсімдіктер мен жануарлар  әлемінің биологиялық жағдайын  бағалау» шаруашылық келісім, «ҚЫЗЫЛҚҰМ»  ЖШС тапсырысы негізінде: «Уран кен орындарында ластанған топырақтарды құрылыс жұмыстарына пайдалану үшін арнайы тазарту құрылғысын әзірлеу», «ХОРАСАН-U»  ЖШС тапсырысы негізінде: «Ультрадыбыстық датчиктерді қолдана отырып, металды залалсыздандыруға арналған ваннаны жобалау» жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

IMGL1238.jpg

IMGL1245.jpg

IMGL1254.jpg

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жол ашу, білім беру аясында жаңа мүмкіндіктерді қарастыру жөнінде келісімдер жасалды.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...