Жаратылыстану институтының түлектеріне диплом табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 шілде 2025
  • 99

Жаратылыстану институтының түлектеріне диплом табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Жаратылыстану институтының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. 
Биыл институтты 473 түлек бітірсе, оның 93-і магистрант.  

Салтанатты іс-шараға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова қатысып, түлектерге жүрекжарды тілегін жеткізді. Ректор бітіруші түлектердің білім жолындағы табанды еңбегі мен оқытушылардың үлесін жоғары бағалап, жастарға жарқын болашақ тіледі.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.17.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.17 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.17 (2).jpeg

Сонымен қатар, диплом табыстау рәсіміне Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор Жандос Базартай, Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмут Томанов, Облыстық білім басқармасы Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Фархат Досаев, Жаратылыстану институтының директоры Нұрлыбек Ахатаев, «Биология, география және химия» БББ жетекшісі Гүлжас Тоқтағанова, «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» БББ жетекшісі Сарсенкул Тілеубай, «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» БББ аға оқытушысы Нұрсұлу Маханова қатысып, ізгі тілектерін білдірді.   

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.17 (5).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.18 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.19.jpeg

Шара барысында түлектер мен ата-аналар университет ұжымына алғыс айтып, оқу ордасының сапалы білім мен саналы тәрбие бергеніне ризашылықтарын жеткізді.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.17 (4).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.18 (3).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.19 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.17 (3).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 08.55.18 (2).jpeg

Түлектер үшін бұл күн – жаңа өмірге жолдама алған сәт. Оларға алдағы өмір жолында толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...