Директорлар кеңесінің төрағасы университет ұжымымен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 шілде 2025
  • 85

Директорлар кеңесінің төрағасы университет ұжымымен кездесті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Директорлар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Әбіл Ерлан Қуанышұлы арнайы іссапармен келіп, оқу ордамыздың ішкі тыныс-тіршілігімен, ғылыми және мәдени әлеуетімен жақынырақ танысты.
Университетпен танысу барысында Ерлан Қуанышұлы мен Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры Ернар Тоқтыбаевқа университеттің «Археология және этнография» ғылыми орталығының көрмесі көрсетіліп, «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығының жетекшісі Сейдалы Билалов экспозициядағы бірегей жәдігерлер туралы кеңінен мәлімет берді. 

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.17.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.18.jpeg

Сапар барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және құрылым басшыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі, кадр даярлау мәселелері және университеттің даму бағыттары жан-жақты талқыланды.
Кездесуге университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова, проректорлар, құрылым басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.20.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.21.jpeg

Жиында болашақтағы стратегиялық жоспарлар мен университет имиджін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар төңірегінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды. Әсіресе, халықаралық әріптестікті нығайту, ғылым мен инновацияны дамыту, студенттердің шығармашылық әлеуетін көтеру сынды өзекті мәселелерге баса назар аударылды.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.19.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-04 at 11.03.19 (1).jpeg

Басқосуда айтылған тың ойлар мен келелі пікірлер оқу орнының өркендеуіне, заманауи талаптарға сай дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...