Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 шілде 2025
  • 29

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Педагогика және дәстүрлі өнер» және «Экономика және құқық» институттарының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.
Биыл университетті 2579 түлек аяқтап отыр. Оның ішінде 2336-сы -бакалавриат, 243-і - магистратура бағдарламасы бойынша білім алған. 196 түлек үздік диплом иегері атанды.
Салтанатты шара университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримованың құттықтау сөзімен ашылды. Ол түлектерге жаңа өмір жолында сәттілік тілеп, ұстаздар қауымының ерен еңбегін ерекше атап өтті.

IMGL9762.jpg

P2999723.jpg

IMGL9815.jpg

Мерекелік кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, оқу ордамыздың түлегі Шахмардан Байманов, университет Директорлар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Әбіл, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі Ернар Тоқтыбаев, Халықаралық LUPIC жобасының директоры, Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің профессоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті басқарма төрағасы — ректордың штаттан тыс кеңесшісі Джесу Ким мырза, сондай-ақ Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов арнайы қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдірді.

IMGL1684.jpg

IMGL0184.jpg

IMGL0694.jpg

IMGL1144.jpg

IMGL2237.jpg

IMGL2428.jpg

P2999977.jpg

Шара барысында түлектерге дипломдар табысталып, олардың университет қабырғасындағы жетістіктері мен белсенділіктері атап өтілді.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...