Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 шілде 2025
  • 26

Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 
Кездесуге қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан Әбіл, Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры Ернар Тоқтыбаев пен университеттің Басқарма Төрағасы - Ректор Бейбіткүл Каримова, және Директорлар кеңесінің басқа да мүшелері онлайн форматта қатысты.
Отырыста 2025 жылға белгіленген университет қызметінің негізгі көрсеткіштері мен индикаторларының орындалуы туралы Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің есептері тыңдалды.

516440458_1302007228335473_3427208709317002088_n.jpg

516764533_1302007075002155_5821561368978624256_n.jpg

514278921_1302007158335480_1193355936357440860_n.jpg

516093968_1302007318335464_2090023981411168183_n.jpg

515302717_1302007215002141_8918627963180808827_n.jpg

Сонымен қатар, ішкі аудит қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

            Директорлар кеңесінің жұмысы келесі шешімдермен түйінделді:
1.    Басқарма есебі университеттің 2024 жылға арналған даму көрсеткіштері мен мақсатты индикаторларының тиімді орындалғанын растады. Университет QS және Green Metric сынды беделді халықаралық рейтингтердегі позициясын жақсартып, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын кеңейтті.
2.    Ғылыми бағыттағы қызметте оң динамика байқалады: зерттеу жобаларының табысы артып, университет ғалымдарының жарияланымдық белсенділігі тұрақты өсіп келеді.
3.    Салалық қауымдастықтар мен кәсіпорындар сұранысына сәйкес әзірленген инновациялық білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беруге және университет пен өндірістік сектор арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
4.    QS рейтингісінің ТОП-700 қатарына кіретін шетелдік жоғары оқу орындарымен қос дипломды бағдарламалар саны артты. Бұл оқу үдерісін интернационалдандыруға және студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
5.    Білім беру, ғылыми және басқарушылық қызметті цифрландыру бойынша кешенді жұмыстар басталды. Бұл университеттің басқару тиімділігін арттыруға және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталды.

WhatsApp Image 2025-07-08 at 11.55.11.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 11.55.12.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 11.55.32.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 11.56.13.jpeg

Сапар барысында Директорлар кеңесінің мүшелері  құрылымдық бөлімше басшыларымен, профессор-оқытушылар құрамымен мазмұнды кездесулер өткізді.
Сондай-ақ, студенттердің теориялық білімдерін кәсіби құзыреттіліктермен ұштастыруға бағытталған оқу-өндірістік тәжірибе базасының жұмысымен, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымымен, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының бағыттарымен және басқа да әлеуметтік нысандармен танысты.
Ерлан Қуанышұлы университеттің ашықтық, корпоративтік басқару және академиялық даму қағидаттарын жүйелі түрде нығайтуы оның тұрақты дамуы мен халықаралық деңгейдегі позицияларын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...