Шығармашылық емтихандар басталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 шілде 2025
  • 69

Шығармашылық емтихандар басталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шығармашылық дайындықты талап ететін грант конкурсына қатысушы талапкерлерге шығармашылық емтихандар басталды. 
6В02130 – «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан өтіп, 48 талапкер бақ сынады.
В031- «Сән, дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша 56 талапкер арнайы емтихан кезеңдерінен өтті.
Емтиханда арнайы критерийлер негізінде тәжірибелі комиссия мүшелері жұмыс жасап, талапкерлердің шығармашылық қабілеті, эстетикалық талғамы мен кәсіби шеберлікке деген бейімділігі бағаланды.

WhatsApp Image 2025-07-08 at 12.00.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 12.00.08.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 12.00.07.jpeg


Сонымен қатар, университетте шығармашылық бейіндегі жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарының 8 бағыты бойынша мамандар даярланады:
1. В004 - Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау;
2. В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;
3. В006 - Музыка мұғалімдерін даярлау;
4. В007 - Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау;
5. В021-Орындаушылық өнер;
6. В028 – Хореография;
7. В031 - Сән, дизайн;
8. В042-Журналистика және репортер ісі.

WhatsApp Image 2025-07-08 at 12.00.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 12.00.08 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 12.00.08 (3).jpeg

Қабылдау комиссиясы грант конкурсына қатысушалырдан 20 маусымы мен 07 шілде аралығында талапкерлерден 600-ден астам өтінім қабылдады. 
Айта кетсек, грант конкурсына қатысушы талапкерлерден шығармашылық емтихан ағымдағы жылдың 08-11 шілде аралығында өткізілетін болады. 
Шығармашылық бағыттағы ақылы негізде түсуші талапкерлерден құжат қабылдау ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін жалғасады.
Барша талапкерге сәттілік тілейміз!


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...