Университет студенттері «Сарбазыма хат» республикалық жастар акциясына қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 шілде 2025
  • 81

Университет студенттері «Сарбазыма хат» республикалық жастар акциясына қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері «Сарбазыма хат» республикалық жастар акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты - Жастар арасында патриоттық рухты арттыру және әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздарға қолдау білдіру.
Студенттеріміздің жауынгерлерге арнап жазған жүрекжарды тілектері мен жылы лебіздері Семей қаласында орналасқан 54770 әскери бөлімінде оқылды. Бұл хаттар сарбаздардың рухын көтеріп, елдегі жастардың қолдауын сезінуге сеп болды.

WhatsApp Image 2025-07-08 at 17.01.33.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-08 at 17.01.33 (2).jpeg
WhatsApp Image 2025-07-08 at 17.01.34.jpeg              WhatsApp Image 2025-07-08 at 17.01.34 (1).jpeg

«Сарбазыма хат» акциясы студенттер үшін патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге мүмкіндік берді.
Білім алушылардың сарбаздарға жолдаған жүрекжарды хаттары –ел болашағына деген сенімі мен Отан қорғаушыларға деген құрметінің айқын дәлелі.
Осындай игі бастамалар елдің бірлігін, ұрпақтар сабақтастығын және рухани байланысын нығайтатыны сөзсіз.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...