ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 шілде 2025
  • 82

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Мұрат Ергешбаев арнайы келді.

Басқосуға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаева, Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен бірлескен «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университет жобасы» (LUPIC) - жетекшісі, профессор Джесу Ким және университет түлектері, университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова бастаған ұжымдастар қатысты.

Кездесу барысында университеттің заманауи инфрақұрылымын, ғылыми-зерттеу орталықтарын және жаңа технологияларға негізделген оқу-тәжірибелік базасын аралады. Атап айтқанда, жасанды интеллект пен сандық технологиялар саласына бағытталған институттың қызметімен танысып, оның болашақтағы даму перспективалары жайлы пікір алмасты.

photo_5440584113959597005_y.jpg

photo_5440584113959597007_y.jpg

Депутаттар институттың өңірлік және ұлттық деңгейде үлкен маңызға ие екенін айтты. Жасанды интеллект – қазіргі заманғы технологиялық дамудың өзегі, сондықтан оны меңгеру мен дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқарады.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өз сөзінде:

«Университетте осындай институттың құрылуы – болашаққа жасалған инвестиция. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті республика бойынша алғашқылардың бірі болып осы бағытты дамытуды қолға алды. Тағы айта кететін нәрсе жасанды интеллектті қазақ тілінде оқытуымыз керек. Екінші мәселе мемлекеттің және жеке азаматтың ақпараттары құпия сақталып, қауіпсіз әрі адам игілігіне қызмет ететін бағытта дамуы қажет», – деп атап өтті.

Айта кету керек, IT саласы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен СеулТех университеті арасында 2 қос дипломдық және 4 бірлескен білім беру бағдарламасы және LUPIC халықаралық жобасы жүзеге асырылуда.

photo_5440808770813949195_y.jpg

photo_5440584113959597011_y.jpg

photo_5440584113959597006_y.jpg

Жобаның негізгі мақсаты – жасанды интеллект саласында маман даярлау орталығын құру және халықаралық білім беру мен ғылыми ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның Саффолк университетімен «Іскерлік әкімшіліктендіру» бірлескен білім беру бағдарламасы, Мәскеу авиациялық институтымен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен «Кадастр», «Жерді мелиорациялау, мелиорациялау және қорғау», «Электр энергетикасы», «Экология», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Бухгалтерлік есеп және аудит» бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы мұражайын аралап, ондағы тарихи құнды жәдігерлер мен аймақтың су ресурстарын басқаруға арналған материалдармен танысып, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының жұмысы және ондағы жасалып жатқан ғылыми зертеу жұмыстарын тыңдады. Бүгінде университетте 33 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 2022 жылмен салыстырғанда оқу ордасының ғылыми бағыттағы табысы 4 есеге артты.

photo_5440584113959597010_y.jpg

photo_5440584113959597008_y.jpg

Университет соңғы 2 жылда жоғары оқу орындары арасында QS, Times Higher Education, GreenMetric World University Rankings халықаралық рейтингтер қатарына енді.

Бүгінде бірегей жоғары оқу орнында 6 институт, 5 ғылыми орталық, 570-тен астам профессор-оқытушы (оның: 22-сі ғылым докторы, 188-і ғылым кандидаты, 75-і РhD) 192-сі магистр) мен 10 000-ға жуық студент, облыстағы ең ірі бакалавриат (83 БББ), магистратура (44 БББ) мен докторантура (15 БББ) білім беру бағдарламасы бар.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...