«Бағдарламалық қамтамасыз ету және қашықтықтан білім беру технологиялары» басқармасы басшысының орынбасарының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 23 тамыз 2022
  • 1964

«Бағдарламалық қамтамасыз ету және қашықтықтан білім беру технологиялары» басқармасы басшысының орынбасарының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Басқарма басшысының орынбасары білуі тиіс: Басқарма жұмысына, оқыту үдерісіне қатысты заңдар, қаулылар, бұйрықтар, жарлықтар, стандарттар мен басқа да нормативтік және әдістемелік құжаттарды; Басқарма іс-қағаздарын ұйымдастыру жөніндегі материалдарды,  құжаттардың жазылу және жүргізілу тәртібін; Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау тәртібін; Еңбек қорғау, ТҚ, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

Басқарма басшысының орынбасарының біліктілік талаптары: Кәсіби тәжірибесінің болуы: Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, веб-сайттарды құру және жүргізу бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.09.2022ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: HR қызметі 8(7242)27-86-28.

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...