Университет жастары республикалық форумға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 шілде 2025
  • 103

Университет жастары республикалық форумға қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің белсенді жастары Семей қаласында өткен «ASK CAMP» республикалық форумына қатысып, «Jas Power» азаматтық-патриоттық тәрбие беру жобасы аясында тәжірибе жинақтады. Аталған форумға университетіміздің «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ұйымының белсенді мүшелері қатысты.
Төрт күнге созылған шараның басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын нығайту, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және елдік мүдде жолында біріктіру болды. Форум аясында мотивациялық сессиялар, зияткерлік ойындар, командалық жаттығулар мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар спикерлермен еркін сұхбат құрып, қоғамдық белсенділік пен жеке даму бағытында тың ақпараттарға қанықты.

WhatsApp Image 2025-07-30 at 09.32.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-07-30 at 09.32.35.jpeg

Сонымен қатар, форум барысында Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған танымдық экскурсиялар өткізілді. Тарихи орындармен танысу жастардың ұлттық сана-сезімін арттырып, тарихи құндылықтарға деген құрметін тереңдете түсті.
«ASK CAMP» республикалық форумы – мазмұнды бағдарламалармен қатар, жаңа идеялар мен серіктестікке жол ашқан рухани орта болды. Қатысушылар арасында достық байланыс орнап, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қаланды.

WhatsApp Image 2025-07-30 at 09.33.00.jpeg

WhatsApp Image 2025-07-30 at 09.32.36.jpeg


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...