Әскери ант қабылдау рәсімі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 03 тамыз 2025
  • 23

Әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әскери кафедрасында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Шара барысында университеттің ректор міндетін атқарушы – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева курсанттарды құттықтап, бұл қадамның білім мен машықпен қатар, тәртіп пен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-08-03 at 12.08.51.jpeg

WhatsApp Image 2025-08-03 at 12.08.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-08-03 at 12.08.52 (1).jpeg

«Сіздер – ел қауіпсіздігіне үлес қосатын, туған жерін қорғай алатын білімді де білікті патриот офицерлерсіздер. Қазіргі заман – қарумен емес, біліммен қорғанатын кезең. Сондықтан қай салада еңбек етсеңіздер де, елге адал қызмет етесіздер деп сенеміз», – деді проректор.

Екі жыл бойы әскери дайындықтан өткен курсанттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына қосылып, Отан алдындағы борышын өтеуге ант берді. Салтанатты шара аясында офицерлер бағдарламасы бойынша 109 студентке запастағы офицер, ал сержанттар бағдарламасы бойынша 33 студентке запастағы кіші сержант әскери атағы берілді.

WhatsApp Image 2025-08-03 at 12.08.53 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-08-03 at 12.08.53.jpeg

WhatsApp Image 2025-08-03 at 12.08.52.jpeg

Биылғы рәсім – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралардың бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды. Бұл — тарихи оқиғаға деген тағзым ғана емес, жас ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Айта кетейік, 2000 жылы құрылған университеттің әскери кафедрасы осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам жас маманды даярлап, еліміздің Қарулы Күштерінің сапын кәсіби кадрлармен толықтырып келеді.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...