Университет қызметкерлері Қытайда өткен халықаралық семинарға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 тамыз 2025
  • 43

Университет қызметкерлері Қытайда өткен халықаралық семинарға қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі мен TEDA компаниясының ұйымдастыруымен Тяньцзинь қаласында өткен халықаралық семинар-тренингке қатысты.

Семинардың басты тақырыбы – Орталық Азия елдерінде индустриялық парктерді дамыту және басқару мәселелері болды. Шара аясында Қытайдың ұлттық даму стратегиясы, шетелдік инвестицияларды тарту саясаты, шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындарды басқару тәжірибесі, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту теориясы мен практикалық аспектілері жан-жақты талқыланды.

2c082df5-3d6b-4b49-b744-e1173c3496ff.jfif

74678ce8-4dba-45e0-86d5-6a21f1fb1424.jfif

Семинарға университетіміздің «Сәулет және құрылыс өндірісі» білім беру бағдарламасының оқытушысы Нұрсұлтан Баймырзаев, осы бағдарлама бойынша білім алушы докторант Нұрболат Тұрсынқожа және Халықаралық байланыстар бөлімінің халықаралық рейтинг жөніндегі маманы Айдана Жайшылық қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Шэньчжэнь және Тяньцзинь қалаларына барып, урбанизация мен индустриялық дамудың үздік үлгілерімен танысты. Әсіресе, соңғы 40 жыл ішінде шағын балықшылар ауылынан жаһандық мегаполиске айналған Шэньчжэнь қаласы қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Семинар қорытындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алған білімдері мен тәжірибелері алдағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытуға серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, жастарға артқан сенімі мен қолдауы үшін университет басшылығына алғыстарын жеткізді.

f657e5fd-b0a0-43c0-b896-991b6599f4b2.jfif

37bee98d-9366-4b94-ab14-ed35393926dd.jfif a7d6dbb7-369d-4f3d-8b62-895cd2d9e9a8.jfif

Бұл іссапар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы тығыз әріптестік байланыстардың айқын көрінісі болып табылады.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...