Кызылордада стартаптарға арналған DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасы іске қосылады!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 наурыз 2025
  • 11

Кызылордада стартаптарға арналған DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасы іске қосылады!

Қызылорда қаласында DEEPSCALE инкубациялық бағдарламасының басталатыны туралы қуана хабарлаймыз. Бұл бағдарлама ИКТ және инновациялар саласындағы стартап жобаларына арналған.

Егер сіздің стартапыңыз MVP деңгейінде болса және pre-seed/seed инвестицияларын тартуды жоспарласаңыз, онда бұл бағдарлама сіз үшін тамаша мүмкіндік. DEEPSCALE стартапыңызды келесі деңгейге көтеруге көмектеседі.

Бағдарлама аясында сіз:

Прототипті дұрыс дайындау мен ұсынуды;

Нарыққа шығу стратегиясын әзірлеуді;

Тиімді сатылым жүйесін құруды;

Инвесторлармен жұмыс істеуді және инвестиция тартуды үйренесіз.

Сонымен қатар, сіз тәжірибелі менторлармен, сарапшылармен және инвесторлармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік аласыз.

Бағдарлама 2025 жылдың 26 наурызы мен 18 сәуірі аралығында өтеді. Қатысу форматы – онлайн және офлайн.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 11. 

Ұйымдастырушылары: Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Kyzylorda Business Hub

IMG_9819.jpg

DEEPSCALE (2).png

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...