«Абай» платформасы – Ұлы ойшылдың мұрасын жаңғыртатын жасанды интеллект
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 тамыз 2025
  • 50

«Абай» платформасы – Ұлы ойшылдың мұрасын жаңғыртатын жасанды интеллект

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтының студенті Ернұр Қанат қазақ руханияты мен заманауи технологияны біріктіретін тың жобаны – «Абай» атты жасанды интеллект жүйесін әзірледі. Бұл бастама – қазақ мәдениетін сақтап, оны жаңа буынға тиімді жеткізудің жаңа мүмкіндігі.
Жобаның мақсаты - Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен философиялық мұрасын жасанды интеллект арқылы жаңғырту, сондай-ақ қазақ тіліндегі тілдік модельдерді дамыту. Бұл бастама арқылы қазақ әдебиетін, мәдениетін және ойшылдық дәстүрін цифрлы дәуірге сай бейімдеп, жас ұрпаққа түсінікті әрі қолжетімді формада ұсыну.

WhatsApp Image 2025-08-11 at 10.51.24.jpeg

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының қырық алтыншы қара сөзі цифрлы форматта жасалып, оны жасанды интеллект көмегімен Абай бейнесіне салды. 
 «Абай» программасы қандай мүмкіндіктер ұсынады?
•    Абайдың қара сөздерін заманауи тілмен түсіндіреді;
•    Шығармалары мен ойларын философиялық тұрғыда талдайды;
•    Қазақ тіліне негізделген табиғи тіл модельдері арқылы сұрақтарға жауап береді;
•    Оқушылар мен студенттер үшін пайдалы танымдық көмекші бола алады;
•    Қазақ тілінің IT-саласындағы дамуына нақты үлес қосады.
 «Абай» – бұл тек чат-бот емес, бұл ұлттық сана мен технологияның түйіскен тұсы. Абайдың терең ойлары, моральдық-этикалық қағидалары, адамгершілік туралы тұжырымдары енді әрбір жасқа түсінікті және қызықты түрде ұсынылады.
Мәдени мұрамызды заманауи технологиямен ұштастыру – болашаққа салынған алтын көпір.

«Абай» платформасын пайдалану үшін осы сілтемеге өтіңіз: https://share.google/nkm3pX9wFvn12j6M9


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...