Университетте «Мектепке жол» акциясы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 тамыз 2025
  • 106

Университетте «Мектепке жол» акциясы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жыл сайын «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Аталмыш акцияға оқу орны қызметкерлерінің балалары қатысады.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қолдау көрсету және жас ұрпақтың білім алуға деген ынтасын арттыру.

Университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1-сынып оқушыларына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Аталған акция университеттің кәсіподақ ұйымының қолдауымен 2017 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылғы жылы да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлінді.

Шарада университеттің кәсіподақ ұйымының атынан 53 бүлдіршінге сый ретінде оқуға арналған құрал-жабдықтармен толықтырылған портфельдер және спорттық киімдер табысталды.

23e32e8a-2286-4788-96cf-61e9f417e1d6.jfif

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...