Әлем кітапханашыларының бас қосуы: IFLA-2025 конгресіне Қорқыт ата университеті қатысуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 тамыз 2025
  • 24

Әлем кітапханашыларының бас қосуы: IFLA-2025 конгресіне Қорқыт ата университеті қатысуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Әлем кітапханашыларының бас қосуына айналған IFLA-2025-тің 89-шы Дүниежүзілік конгресіне қатысуда. Ауқымды шара 18-22 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді.

Халықаралық кітапханалар қауымдастықтары мен мекемелері федерациясы (IFLA – International Federation of Library Associations) – кітапхана ісіндегі ең ірі жаһандық ұйымдардың бірі. Ол әлем елдеріндегі кітапхана қызметінің озық тәжірибесін талдап, кәсіби мамандардың біліктілігін жетілдіруге және ақпараттық алмасуды дамытуға ықпал етеді.

7203c27c-585b-420a-8911-3b11ec372aa0.jfif

4d78c203-e8e3-48ad-957b-fe41768228d2.jfif

6a965b8b-7bdc-45e9-b820-5bf0c1fb7c74.jfif eb3b7dc7-c17e-4c71-837f-1dd53c6d1c0c.jfif

«Білімді біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз» тақырыбында ұйымдастырылған биылғы конгреске 114 елден 1600-ден астам делегат қатысып жатыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің атынан жиынға Ғылыми кітапхана директоры Гүлмира Сатбаева қатысуда. Оның халықаралық деңгейдегі бұл шараға қатысуы университетіміздің ғылыми-мәдени байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия кітапхана қауымдастығының кәсіби беделін арттыруға мүмкіндік береді.

IFLA Дүниежүзілік конгресі – кітапхана саласының мамандары үшін жаңа идеяларды меңгеруге, заманауи технологияларды енгізуге және ақпараттық қызмет сапасын жетілдіруге жол ашатын беделді кәсіби алаң болып табылады.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...