SeoulTech студенттері Қорқыт ата университетінде тәжірибе алмасуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 тамыз 2025
  • 55

SeoulTech студенттері Қорқыт ата университетінде тәжірибе алмасуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) студенттерімен халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы басталды.

Бағдарлама барысында екі елдің студенттері білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, ғылыми-зерттеу және инновациялық бағыттар бойынша пікір алмасуда.     Шетелдік қонақтар университеттің материалдық-техникалық базасымен және оқу-тәжірибелік орталықтарымен танысып, қазақ жастарының өнері мен ізденістерін жоғары бағалады.

82124635-b1d8-4b12-91f2-59d9e35d3b54.jfif

f7c7d813-b537-45b7-a751-520be97a490d.jfif

Сондай-ақ кореялық студенттер ұлттық мәдениетін таныстыру мақсатында бисер бұйымдарын жасау және K-pop биін үйрету бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Мұндай шаралар жастарға жаңа дағдыларды меңгеруге, сонымен қатар корей мәдениетімен жақынырақ танысуға жол ашты.

Сонымен қатар, меймандар үшін Қызылорданың тарихы мен мәдениетін таныстыратын арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Өз кезегінде университетіміздің студенттері де жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, корей мәдениеті мен оқу ерекшеліктерін танып-білуде.

Халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, достық қарым-қатынасты нығайтып, мәдениеттер арасындағы байланыстарды кеңейтеді.

2dc667f7-63d9-4aac-8971-811974592826.jfif

76a533c3-8f80-4313-8ce2-8280feccd23d.jfif

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...