Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Стратегия және IT департаментінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 тамыз 2025
  • 29

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Стратегия және IT департаментінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Департамент директоры білуі тиіс: Атқаратын қызмет мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; ақпаратты тиімді басқару қағидаттарын; университет қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер), Интернет желісінде жұмыс істеу қағидаттары,мультимедиялық жабдықтарды пайдалану тәсілдерін; қатынас психологиясының, әлеуметтану мен кәсіби қарым-қатынас этикасының негіздерін; еңбек заңнамасының негіздерін; ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларын, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын,  қауіпсіздік техникасы және өрттен сақтану ережелері мен нормаларын.

Департамент директорының біліктілік талаптары:  жоғары және (немесе) жоо кейінгі білімі, білім беру ұйымдарында басшы қызметтерде немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.08.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...