Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті археология және этнография ғылыми орталығының төмендегі бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 тамыз 2025
  • 176

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті археология және этнография ғылыми орталығының төмендегі бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

р/с

Бос орын атауы

Штаттық  бірлік

Ескерту

1.

Бас ғылыми қызметкер

1

 ғылым докторының ғылыми дәрежесi, немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия (PhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған жобаның тұсаукесері (электрондық түрде, көлемі 7 слайдтан аспайтын) және ПОҚ лауазымдары бойынша онлайн сабақ электрондық жеткізгіштегі онлайн нұсқасын қоса бере отырып ,
7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
8) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бас ғылыми қызметкер білуі тиіс: ғылым және техника бағыттарындағы ғылыми проблемалар; экономикалық қызмет түрiнiң даму бағыттары; жоғары тұрған және өзге органдардың басшылық материалдары;  осы сұрақтар бойынша отандық және шетел жетістіктер; ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми техникалық құжаттама шығарылымын) енгiзудiң және өткізудің жаңа амал әдiстері, құралдарын және жоспарлау практикасы;   маркетинг, ғылым туралы заңнама;    еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;     еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бас ғылыми қызметкердің біліктілік талаптары: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым докторының ғылыми дәрежесi, немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия (PhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл, ірі ғылыми еңбектердің немесе ашылуға арналған дипломдардың және өнертабыстарға авторлық куәліктердің болуы, сондай-ақ тиісті білім саласында тәжірибеде іске асырылған нәтижелер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.08.2025 ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28. 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...