Жасанды интеллект бойынша оқыту семинары өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 тамыз 2025
  • 172

Жасанды интеллект бойынша оқыту семинары өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жасанды интеллект институты мен Kyzylorda Hub ұйымдастыруымен LUPIC жобасы аясында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған воркшоп өтті.

Семинардың басты мақсаты — қатысушыларға жасанды интеллект (AI) саласы туралы жан-жақты және практикалық тұрғыда қолдануды үйрету.

IMGL6336.jpg

Оқыту барысында қатысушылар жасанды интеллекттің негізгі бағыттарымен танысып, машиналық оқыту (Machine Learning) және тереңдетілген оқыту (Deep Learning) қағидаларын меңгерді. Сонымен қатар, Python бағдарламалау тілін және оның NumPy, Pandas, TensorFlow, PyTorch сынды кітапханаларын қолдана отырып, алғашқы AI моделін құру дағдыларын үйренді. Деректерді өңдеу, модель құру, оны оқыту және нәтижелерін жақсарту бойынша практикалық тапсырмалар орындалды.

Семинар университет қызметкерлерінің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын білім беру мен ғылыми-зерттеу салаларына тиімді енгізуге мүмкіндік берді.

IMGL6369.jpg

IMGL6357.jpg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...