Студенттер корей халқының ұлттық киімімен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 тамыз 2025
  • 118

Студенттер корей халқының ұлттық киімімен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) студенттері оқуға жаңадан қабылданған студенттермен кездесті. Кездесу шетелдік жастар мен студенттер арасында достық қарым-қатынас орнатуға, өзара мәдени алмасуды нығайтуға бағытталды.

Шара барысында қонақтар өз елінің мәдениетімен таныстырып, корей халқының ұлттық киімі – ханбоктың ерекшеліктерін түсіндірді. Ханбок – тек әдемі киім ғана емес, ол – корей халқының рухани болмысын, ұлттық ерекшелігін бейнелейтін мәдени символ.

IMGL6443.jpg

IMGL6396.jpg

Студенттерге ханбокты дұрыс кию әдістері көрсетіліп, оның мағынасы жайлы қызықты мәліметтер берілді. Қатысушылар түрлі түсті ханбоктарды киіп көріп,  корей мәдениетін жақыннан сезінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, жиын соңында жастар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен кездесуден керемет әсер алды.

Бұл іс-шара студенттер мен шетелдік қонақтар арасындағы мәдениеттердің жақындасуына, өзара түсіністік пен құрметтің артуына өз үлесін қосты.

IMGL6462.jpg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...