Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті орыс тілі және әдебиеті білім беру бағдарламалары оқытушы бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 тамыз 2025
  • 52

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті орыс тілі және әдебиеті білім беру бағдарламалары оқытушы бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Оқытушы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуына қатысты мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін; оқу жоспарларын әзірлеу тәртібін; оқу үдерісіне байланысты құжаттамаларды жүргізу ережелерін; педагогиканы, физиологияны, психологияны және кәсіби оқытудың әдістемесін; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын.

Оқытушы сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адамгершілік-патриоттық тәрбие мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білуі; жоғары оқу орнындағы еңбек қатынастары жөнінде хабардар болуы; университеттің ішкі нормативтік құжаттарының нормалары мен қағидаттарын сақтауы тиіс. Олардың қатарында: Корпоративтік этика кодексі, Академиялық адалдық қағидалары, Ішкі еңбек тәртібі қағидалары, Сапа менеджменті жүйесі, университеттің стратегиялық даму жоспары, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысы мен әлеуметтік саясатты ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтар, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі нормалары бар.

Оқытушының біліктілік талаптары:  жоғары білімнің болуы, кемінде 3 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілінің немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 03.09.2025ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...