Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстар бөлімі басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 тамыз 2025
  • 51

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстар бөлімі басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Бөлім басшысы білуге міндетті: Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты заңдар, ережелер, бұйрықтар, нұсқаулықтар, стандарттар және басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттар; сәйкес білім салаларының ғылыми-практикалық мәселелері, ғылыми дамудың негізгі бағыттары; ұйымдардың оқу процесін жүргізудегі озық тәжірибесі; бөлім жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың белгіленген тәртібі; педагогикалық қызметтің әдістері мен тәсілдерін; шарттар жасасу және орындау тәртібі; еңбек заңнамасының негіздері; еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды жетілдіру бойынша кешенді мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар, шет тілін (ағылшын тілін) терең меңгерген білікті маман.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17:00 сағат 03.09.2025ж. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 каб.; e-mail: ksu@korkyt.kz 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...