Университетте "Баланы мектепке дайындайық" республикалық акциясы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 тамыз 2025
  • 59

Университетте "Баланы мектепке дайындайық" республикалық акциясы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «AMANAT» партиясы «Тұран» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Баланы мектепке дайындайық" республикалық акциясы өтті.

Шараға университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор, «Тұран» бастауыш партия ұйымының Төрағасы Бейбіткүл Каримова қатысып, бүлдіршіндерді алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім сапарына сәттілік тіледі.

Ректор өз сөзінде өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы – ел болашағының кепілі екенін атап өтті.

0808.JPG

14.JPG

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қолдау көрсету және жас ұрпақтың білім алуға деген ынтасын арттыру.

Іс-шара барысында балаларға мектепке қажетті сөмкелер, оқу құралдары, кеңсе тауарлары мен оқу-әдістемелік материалдар табысталды.

Мұндай қайырымдылық бастамалар – жастарға, әсіресе, білім жолын енді бастағалы отырған өскелең ұрпаққа қолдау көрсетудің жарқын үлгісі.

Кездесу соңында ата-аналар мен балалар алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

0909.JPG

1978.jpg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...