«Бағдарламалық қамтамасыз ету және қашықтықтан білім беру технологиялары» басқармасы басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 тамыз 2022
  • 2222

«Бағдарламалық қамтамасыз ету және қашықтықтан білім беру технологиялары» басқармасы басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Басқарма басшысыбілуі тиіс:Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар мен жүйелер, жарнамалар, тұтынушылар құқығын, авторлық және шектес құқықтарды қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, Интернет желісінің жұмыс істеу хаттамалары мен қағидаларын, таралған веб-браузерлерді, HTML, CSS, JavaScript тілін, веб-сервер жұмысына басшылық ететін операциялық жүйені, веб-дизайн, графикалық бағдарлама негіздерін, бағдарламалау тілдерін, бағдарламалау стандарттарын (HyperText Transmission Protocol - гипермәтінді беру хаттамасы, бұдан әрі - HTTP), деректер базасының серверін, жүктемесі жоғары көптапсырмалы жүйеде бағдарламалау нюанстарын игеру техникасын, сервердің арналған объектісін (ілгерілету өнімін), интернет-браузерлердің түрлі үйірлерінің айқын қасиеттерін, сервердің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін, қолданыстағы шартты қысқартуларды, компьютерлік тақырыптар бойынша библиографияда шетел тілінде қолданылатын шартты қысқартуларды, интернет-жарнама нысандарын (баннерлер, кнопкалар, flash нысандар) жасау және редакциялау технологияларын, экономика негіздерін, еңбек заңнамалығын, өндірістік санитария ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын, ағылшын тілін құжаттамаларды оқу деңгейінде білуі.

Басқарма басшысының біліктілік талаптарыСәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоо кейінгі) білімі, веб-тораптарды жасау және қызмет көрсету бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.09.2022ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, HR қызметі, 205 каб.; e-mail: otdelkadrov_kgu@mail.ru.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: HR қызметі 8(7242)27-86-28.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...