Сәуле Аманжолқызына құрмет көрсетілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қыркүйек 2025
  • 16

Сәуле Аманжолқызына құрмет көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұзақ жылдар бойы университет дамуына өзіндік үлесін қосқан ұжым ардагері, тәжірибелі маман Құлманова Сәуле Аманжолқызына құрмет көрсетілді.

Жиын барысында университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева жоғары оқу орнының қалыптасуы мен өркендеуіндегі еселі еңбегіне тоқталды.

03.JPG

Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен білім саласындағы үздіксіз әрі ұзақ жылғы еңбегі үшін Сәуле Аманжолқызына «Еңбек ардагері» медалі табысталды.

Ол еңбек жолын осы оқу орнында 1979 жылы бастап, 46 жыл бойы табанды әрі тындырымды қызметімен ерекшеленіп келді.

1979 жылғы мамыр айында Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының дайындық курсына хатшы қызметіне орналасып, 1984-1991 жылдары оқу бөлімінің инспекторы, канцелярия меңгерушісі, 1991-1998 жылдары редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998-2018 жылдары қайта құрылған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

07.JPG

Редакциялық-баспа бөлімінің  меңгерушісі  болды. 2019 жылдан Редакциялық-баспа бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Университеттің өсіп-өркендеуіне қосқан айрықша үлесі үшін Сауле Құлманова ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен, университеттің Алғыс хаттарымен, Қорқыт ата атындағы Алтын медалімен, «Үздік түлек» төсбелгісімен марапатталған.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...