Жас таланттар хакатонда бақ сынауда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қыркүйек 2025
  • 130

Жас таланттар хакатонда бақ сынауда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Decentrathon 4.0 – Қазақстандағы ең ірі офлайн-хакатонның кезекті маусымы ресми түрде басталды. Ауқымды шара еліміздің 20 қаласында бір мезетте өткізіліп, 2500-ден астам қатысушыны біріктіруде.

Decentrathon 4.0 хакатонының негізгі мақсаты — еліміздегі жас таланттарды біріктіре отырып, Web3.0, блокчейн және жасанды интеллект (AI) сияқты заманауи технологиялар саласында инновациялық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік жасау.

a311be75-ac58-4b58-bd00-526007ccf4f2.jfif

0a28e175-3dd2-4013-a48d-5b0ccb0683ec.jfif

ae1bcb95-30c3-4b7c-bcd1-fe4d263bb250.jfif

Университетте хакатонға 170-тен астам студент қатысуда. Бұл – аймақ жастарының IT саласына деген қызығушылығы мен белсенділігінің айқын көрсеткіші.

Айта кетсек, Decentrathon 4.0 хакатоны Astana Hub және Blockchain & AI Technology Center (BAITC) ұйымдарының бастамасымен, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Сонымен қатар, осы жылғы AI-тректің эксклюзивті серіктестері - «Банк ЦентрКредит» АҚ, BCC-HUB мансап орталығы және InDrive халықаралық IT-компаниясы болды.

Хактон 3 күнге жалғасады. Хакатон барысында қатысушылар командаларға бөлініп, нақты тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді. Жас мамандар менторлардың қолдауымен жобаларын әзірлеп, оны салалық сарапшылар алдында қорғауға дайындалады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті атынан хакатонға қатысып жатқан барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...