Университетте еліміздің ең ірі офлайн-хакатоны өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 қыркүйек 2025
  • 56

Университетте еліміздің ең ірі офлайн-хакатоны өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде еліміздің ең ірі республикалық офлайн-хакатоны – Decentrathon 4.0 ұйымдастырылды. Бұл ауқымды шара Қазақстанның 20 қаласында бір мезетте өтіп, мыңдаған IT жас мамандарды біріктірді.

IMG_5394.jpg

IMG_5573 (1).jpg

Decentrathon 4.0-дің негізгі мақсаты – жастарды жаңа технологияларға тарту, Web3.0, Blockchain және жасанды интеллект (AI) бағыттарында тың идеяларды қолдау және болашақ цифрлық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік жасау.

Decentrathon – елдің цифрлық трансформациясына үлес қосатын, таланттарды танытатын және жаңа идеяларды қолдайтын ерекше платформа. Үздік жобалар қазан айында өтетін халықаралық Digital Bridge 2025 конференциясында ұсынылады, бұл жас командаларға өз идеяларын жаһандық деңгейде таныстыруға үлкен мүмкіндік береді.

Хакатонның басты ұйымдастырушылары – Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC). Шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті. Қызылорда өңірінде хакатонды ұйымдастыруға Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты атсалысты.

IMG_5418 (1).jpg

IMG_5499.jpg

Жалпы, Decentrathon 4.0 аясында Қызылордада 40 топ, 109 қатысушы екі негізгі трек бойынша жобаларын қорғады. Атап айтсақ, inDrive трегі – суреттерді талдау арқылы сервистің сапасы мен сенімділігін арттыруға арналған шешімдер және BCC-HUB AI трегі – банк қызметі үшін жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу.

Айта кетейік, республикалық офлайн-хакатонның қорытындысы алдағы уақытта шығатын болады.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...