Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау: Цифрлық өзгерістер және жастардың рөлі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қыркүйек 2025
  • 65

Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау: Цифрлық өзгерістер және жастардың рөлі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «AMANAT» партиясы «Тұран» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Негізгі мақсаты - жолдаудың мазмұнын жан-жақты талқылау және жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның цифрлық дамуына жастар мен мамандарды ынталандыру.

Жиынға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева қатысып, Жолдау мемлекетіміздің дамуына серпін беретін жаңа тарихи құжат екендігін атап өтті.

IMGL0588.jpg

Сонымен қатар,  «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлшат Мұсаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутанов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Kyzylorda Hub жетекшісі Жанарыс Түбекбаев, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

IMGL0669.jpg

IMGL0709.jpg

IMGL0736.jpg

IMGL0787.jpg

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы жан-жақты талқыланды. Жиын қатысушылары Жолдаудың еліміздің цифрлық трансформациясын жеделдету, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану және экономикалық-әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету бағытындағы маңыздылығын атап өтті. Бұл шара жастар мен профессорлық-оқытушылар құрамы арасында цифрлық өзгерістерге деген қызығушылықты арттырып, еліміздің инновациялық дамуына өз үлесін қосуға ынталандырды.

Осындай пікір алмасулар Қазақстанның тұрақты дамуы мен технологиялық прогресін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Айта кетсек, іс-шара соңында «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлшат Мұсаева «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутанов пен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Эльмира Тойлыбекованы ел даму жолында аянбай еңбек етіп, білім беру және ғылыми қызмет саласындағы үлестері мен қоғамдық белсенділігі үшін партияның алғыс хатымен марапаттады.

IMGL0814.jpg

IMGL0818.jpg

IMGL0828.jpg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...